Астанада сайлаушылардың 74,65 пайызы дауыс берген (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беру аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астанада сайлаушылардың 74,65%-ы дауыс берген. Жалпы, Республика бойынша сайлаушылар саны 7 миллион 500 мыңды құраған, халықтың 77,1%-ы сайлауға қатысқан.

Астанада сайлаушылардың 74,65 пайызы дауыс берген (ФОТО)

Елімізде дауыс беру процесі 9 840 сайлау учаскесінде өтті, астаналықтар 178 ашық сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлауда дауыс беруге әртүрлі жастағы және түрлі кәсіп иелері келді. 18 жасқа толған және бүгін туған күнін мерекелеген азаматтар да дауыс беру бюллетеньдерін сайлау жәшіктеріне салды. Зейнеткерлер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекет үшін маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. Халықтың аталған санаттарына жататын және денсаулығының жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған азаматтар үйлерінде дауыс берді.

Қазіргі кезде барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауысын есептеу жүргізіліп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес бұған 12 сағат уақыт беріледі.
null null null null null null