Астанада Сембіғали Смағұлов еңбектерінің мерейтойлық көрмесі ашылады

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев Орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ Елі» монументінің авторы, мүсінші Сембіғали Смағұловтың көрмесі ашылады. Іс-шара суретшінің 50 жылдық мерейтойына орайластырылған. Бұл туралы Назарбаев Орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astanа.kz хабарлады.
None
None

Көрмеде автордың мүсін, көркемсурет, графика жанрында орындаған 50 туындысы көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар, «Сембіғали Смағұлов» атты альбомының тұсаукесері өтеді.

Көрмеде суретші 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге орай салған "Салтанат Сарайы" ғимаратының шаңырағындағы "Көк Түрік әлемі" атты монументалдық-сәндік туындысы таныстырылады. Сондай-ақ, "Сембіғали Смағұлов" альбомының тұсаукесері өтеді. Онда суретшінің әр жылдардағы мүсін, көркемсурет, график жанрындағы еңбектерінің репродукциясынан басқа, автордың шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, қылқалам иесінің ойлары көрініс тапқан.

Сембіғали Смағұлов - белгілі қазақстандық суретші және мүсінші. Биыл сәуір айында Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен халықаралық суретшілер форумында «Күллі әлемдегі бейбітшіл суретші» құрметті атағын иеленген. Сембіғали Смағұловтың туындылары қазақ халқының ұлттық жетістігі саналып, еліміздің жетекші мұражайларында қойылған. Ал автор студент кезінде салған «Менің әкемнің аттары» (1987ж.) шығармасы Мәскеу қаласындағы Шығыс халықтары музейінде сақтаулы тұр.

Соңғы жаңалықтар