Астанада «Сенім-2010» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

АНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада басталған «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялар» тақырыбындағы VI халықаралық конференциясы аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетов «Сенім-2010» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Астанада «Сенім-2010» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік HR-жоба» аталымында I дәрежелі дипломмен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ марапатталса, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС II және III дәрежелі дипломдарға ие болды. Сондай-ақ «Сенім-2010» конкурсы барысында еліміздегі үздік жұмыс беруші компаниялар анықталды. Олардың ішінде «Қазақстанның халық банкі» АҚ, «Халықаралық бизнес университеті» ЖШС, «Тау-кен компаниясы» ЖШС, «Стомфарм» ЖШС, «НАТ Қазақстан» АҚ, Халықаралық бизнес академиясы, «Твой шанс» ЖШС және «Ажар» ЖШС бар.