Астанада «Сенің таңдауың - сенің болашағың» атты нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтеді
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 29-шы маусымында сағат 13.00-ден 23.00-ге дейін Астана қаласында «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акцияның аясында
«Сенің таңдауың - сенің болашағың» атты нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтеді. Бұл туралы «Бәйтерек» баспасөз клубы хабарлайды.
Акцияның мақсаты - нашақорлықпен күрес, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Бағдарламаға келесідей шаралар кіреді:
Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
- 300-ге жуық жастардың қатысуымен нашақорлыққа қарсы шеру. (Акция мынайдай бағыттар бойынша өтеді: Манас көшесі («Отан қорғаушылар алаңынан») - Тәшенов көшесі - «Рамстор» Сауда орталығына дейін - «Есіл» өзенінің жағалауы - «Конгресс холл» - Кенесары көшесі арқылы - елорладық әкімдіктің («Жастар» Мәдениет сарайы) маңынан өтеді.
Сағат 14.00-ден 21.00-ге дейін
- Республика даңғылы 28 мекен-жайы бойынша «Жастар» Мәдениет сарайының алаңында концерттік бағдарлама өтеді (Шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, спорттық-көңіл көтеретін ойындар, Қазақстан эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді).
Сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін
- Би кеші (сусабын-пати)
«Болашақ бүгіннен басталады!» - дейді шараның ұйымдастырушылары және барлықтарын аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады.