Астанада Ш.Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына арналған әдеби-шығармашылық кеш өтеді
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Наурыздың 12-сі күні Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, тарихшы, саяхатшы-географ Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Кең даланың кемеңгері» атты әдеби-шығармашылық кеш өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Кұл-Мұхаммедтің қатысуымен өтетін мерекелік іс-шара барысында Ш.Уәлихановтың тарихи бейнесін ашатын бейнефильм көрсетіліп, ғалымның шығармашылығынан сыр шертетін қойылымдар көрермен қауымның назарына ұсынылады. Сондай-ақ кеште елімізге белгілі сахна және театр жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салмақ.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақ әуендері» АҚ. Кештің режиссері - ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Ұлттық дәстүрлер» театрының көркемдік жетекшісі Сәулебек Асылханұлы.