08:12, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Астанада «Шабыт - 2009» шығармашыл жастардың XII халықаралық фестивалі басталады
АСТАНА. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Шабыт - 2009» шығармашыл жастардың XII халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараның бағдарламасына сәйкес бүгін қазылар алқасының баспасөз мәслихаты мен «Шабыт - 2009» фестивалінің салтанатты ашылуы өтсе, одан кейінгі күндері классикалық биден шеберлік сыныптары, белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылық кеші, жас суретшілер көрмесі, камералық музыка концерті, балет кеші және «Наз» мемлекеттік би театрының гала-концерті өтеді. Ал қарашаның 8-і күні «Шабыт - 2009» шығармашыл жастардың XII халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталып, олардың құрметіне Әкім балы ұйымдастырылады.