Астанада «Шахмат әлемі» көрмесі ашылады

Бұл туралы ҚР Шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Шахматтан әйелдер арасындағы IV топтық әлем чемпионатының қатысушылары үшін 8 наурыз демалыс болады. Шахматшы қыздар, олардың жаттықтырушылары және арбитрлары Астананы аралап, шолу экскурсиясына қатысады, сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа әр жылдары өзге мемлекеттердің көшбасшылары, атақты гроссмейстерлері және шахмат ұйымдары сыйға тартқан шахматтың бірегей топтамасымен таныса алады.
«Шахмат әлемі» көрмесі осы Чемпионатқа орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайында арнайы ашылған болатын. Мұражай өкілдерінің айтуы бойынша, қонақтар ойынға арналып, фарфордан, мөлдір таза шыныдан, металдардан, оның ішінде қымбат металдардан, теріден, тастардан, ағаштан, ескі кездегі мамонттардың сүйегінен жасалған шахмат атрибутикасын, фигуралардың топтамаларын және тақталарын бағалай алатын болады...