Астанада шахматтан «Senat Open» іріктеу кезеңі басталды

шахмат
Фото: Астана спорт басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM – Шахматтан қоғам белсенділері, журналистер, Парламент және мәслихат депутаттары арасында жарыс өтіп жатыр.

Астана қалалық спорт басқармасынан мәлім еткендей, бүгін шахматтан арасында Астана қаласы бойынша «Senat Open» іріктеу кезеңі басталды. Бірінші мәрте ұйымдастырылып жатқан шараға қаламыздан 106 шахматшы бас қосып, 9 турдың қорытындысы бойынша, 25 ойыншы жартылай финалға жолдама алады. 

«Республикалық деңгейдегі бірінші мәрте өткізіліп жатқан «Сенат кубогы» жақсы бастама деп ойлаймын. Турнирде Астана қаласы бойынша VIII шақырылым бойынша 170-тен астам депутат бар. Бүгін соның 15-і аталмыш додаға қатысып жатыр. Одан бөлек қаламыздың қоғамдық кеңес, партия өкілдері, БАҚ қызметкерлері ақсақалдар т.б өз күштерін сынауда. Шахмат — жай ойын емес. Әр жүріске ойлануды қажет ететін, стратегияға негізделген интеллектуалды ойын түрі. Бүгінгі турнирде шын мықтылар жеңіске жетсін», — деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде. 

Айта кетейік, Республика бойынша 17 өңір және 3 мегаполистен қатысатын 3 000 қатысушы арасынан іріктелген үздіктер тамыз айында абсолютті жеңімпазды анықтайтын болады.

Шахмат алаңында тек мәслихат депутаттары ғана емес, журналистер, қоғам өкілдері, үкіметтік емес сектор өкілдері жиналып, гендерлік, жас және т.б санаттар бойынша бөлінбейді.

Шахмат
Фото: Астана спорт басқармасы

«Шахматты мектепте қызмет атқарған сәтімде 40 жасымда үйрендім. Содан бері арасында өз қатарластарыммен ойнап келемін. Дегенмен, қарапайым кездесуден қарағанда, турнирдің атмосферасы бөлек. Алғашқы жеңісіме ерекше қуандым. Бұл да тәжірибе» — деді, 65 жастағы Гүлжан атты қатысушы. 

Қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады. Жеті өңірде аталған ойынды үйрету үшін пилоттық жоба қолға алынған. Бұл бастама 42 мектеп пен 1000 оқушыны қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram