Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада шақса адам өлтіретін маса пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада шақса адам өлтіретін маса пайда болды, деп хабарлайды КТК.

Астанада шақса адам өлтіретін маса пайда болды

Әзірше, қауіпті қансорғыш қала іргесіндегі ауылдарда бас көтере бастаған. Енді орталыққа қарай ығысып келеді. Эпидемиологтар болса шұғыл қамданып, қатердің алдын-алуға кірісті. Жәндіктер көбеюі мүмкін деген жерлерді қазір жаппай улап жатыр.

Бөшкелерге құйылған суға СЭС қызметкерлері у араластырып жатыр. Өйткені, масаларды осы улы қоспамен ғана көзін жоюға болады. Сөйтіп көктем шыға елордадағы зиянкестердің санын азайтуға жанталасып жатыр. Оның өзінде қас қарайған шақта. Алайда, жұртты «кеселден қорғаймыз» деп жүрген жандарды түсінбей жүргендер көп.

СЭС қанша әлек болғанымен жәндіктердің қауіпті түрлері де пайда болып жатыр. Бұл жолы «Анофлес» деп аталатын маса бас көтере бастапты. Қауіпті қансорғыш елорда іргесін жаулап алған. Енді орталыққа жаппай ағылуы ғажап емес. Ең қорқыныштысы, жәндікке таланған адам өліп кетуі мүмкін. Болмаса безгек ауруын жұқтыруы ықтимал.

«Астана қаласында «Анофлес» масасының пайда болу түрі бар. Өйткені, оның пайда болуына қолайлы жағдай болып отыр. Бұл бізде Мичурин кентінде 2013-те табылды, бірінші ошағы. Екінші ошағы жақында Алаш тас жолында екінші орынды тауып отыр», - деп мәлімдеді Астана қалалық СЭҚБ бас маманы Айбарша Дүйсенбай.

Сондықтан қансорғышпен күрес күшейтіліп отыр. Оның қалаға жайылмасы үшін батпақты жерлер, өзен көлдер ғана емес, тұрғын үйлердің жертөлелеріне у себілуде. Ал қансорғыштардан қорғану үшін есік-терезені қымтап отырған жөн.

«Биыл, синоптиктердің болжамынша, елімізде жауын-шашын мол болады. Бұл тұрғынар үшін қауіпті. Себебі жаңбырдан кейін масаларға жан бітіп белсенділіктері арта түседі екен. Ал масалар бас қаланы басып алмасы үшін СЭС қызметкерлері 24 тәулік бойы ұдайы кезекшілік ұйымдастырмақ», - деді бас маман.