Астанада «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы ашылды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы салтанатты түрде ашылуын өткізді, деп хабарлады astana.kz.
Орталықта мұқтаж жанға әлеуметтік сала бойынша қызметкер мен психолог маман көмек көрсетеді. Ал мамандандырылған медициналық кабинеттерде тексеру, талдау жүргізіліп, тегін дәрі-дәрмек беріледі. Орталық зорлық-зомбылық көрген және өмірінде қиындыққа тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсетеді.