Астанада «Шапағат» сауда үйі айналасында сауда жасауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Шапағат» сауда үйінің айналасындағы бей-берекет сауда орындары жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада «Шапағат» сауда үйі айналасында сауда жасауға тыйым салынды
Видеодан алынған кадр t.me/astana_newss

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30-дан астам саудагер ресми түрде кәсіптерін тіркеп, сауда үйлері мен базарларға көшті.

«Қазіргі таңда «Шапағат» СҮ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жерді абаттандыру 4460 тұрғынға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді Астана әкімдігінен.

Айта кетейік, аталған ауданда бей-берекет сауда 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келді.