Астанада шаруа қожалығынан 30 млн теңге қарыз алып қашып жүрген адамды полиция ШҚО-дан тапты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Астанада 30 млн теңге қарыз алып қашып жүрген адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері ірі көлемде ақша қайтармай жүрген борышкерді тапты.

«Тәртіп сақшыларына жеке сот орындаушысынан Астана қаласындағы шаруа қожалығының иесінен шамамен 30 миллион теңге қарыз алып қайтармай қойған 52 жастағы адамға іздестіру жариялау туралы қаулы келіп түсті. Полиция жедел шаралар қабылдап, бір тәулік ішінде борышкердің қайда жүргенін анықтады. Ол Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағынан табылды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта мәліметтер берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға берілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс полицейлері 20-дан астам борышкерді анықтаған.


Соңғы жаңалықтар