Астанада шет ел тілдерін жедел меңгеруге арналған мультимедиялық жүйенің таныстырылымы өтті
амырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін жедел түрде шет ел тілдерін меңгеруге арналған ақпараттық технологиялар шығарушы «М.А.Р.И.Д.И.» компаниясы Астанада қазақ тілін өзін-өзі оқыту мультимедиялық жүйесінің таныстырылымын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«М.А.Р.И.Д.И.» жедел түрде шет ел тілдерін меңгеруге арналған ақпараттық технологиялар шығаратын Еуропадағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Ал қазақ тіліндегі өзін-өзі оқыту бағдарламасын дайындау жұмыстары елімізде 2008 жылы басталған. 2010 жылы «М.А.Р.И.Д.И.» компаниясының өкілдері еліміздің қазақ тілі мамандарымен бірлесе отырып, өздерінің тілді үйрету мемо-әдістемесін қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімдей алды. Сондай-ақ мультимедиялық бағдарламаны дайындау ісіне де қазақстандық тіл мамандары мен аудармашылар және дикторлар қатысқан. Оны дайындауға 10 ай уақыт кеткен. «Бағдарламаға 1 мың 700 сөз бен8 мың тіркес енгізілген. Сонымен қатар онда ауызекі сөйлеу тілін үйрету, бизнес-терминдердің аудармалары, бухгалтерия мен іс жүргізу шаралары бойынша қолданылатын тіркестердің барлығы бар. Бағдарлама өзге тілдерде жоқ қазақ тілінің ерекше сөздерін жаттап алуға да жақсы мүмкіндіктер жасайды. Ол оқуға оңай ыңғайлы әрі оны кез келген жағдайда пайдалануға болады», дейді «М.А.Р.И.Д.И.» компаниясының Басқарма төрағасы Александр Обулевич.