Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі 29 тамызға дейін жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанак көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінде төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ішінара жабылатын болады. Бұл Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Тамыздың 25 мен 29 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астанада 25-29 тамыз аралығында Арқар көпірі (М1) арқылы автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.