Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымға мүше елдердің СІМ басшылары жиналды.

Алғы сөзді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу алып, шетелдік меймандарды қарсы алды.

Кеңес отырысына қатысушылар Иран Президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раисиді еске алып, 1 минут үнсіздік жариялады.

«Өкінішке қарай, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын қайғылы хабардан бастауға мәжбүр болып отырмыз. Біз бәріміз Иран Президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мен мәртебелі Равеси мырзаның және біздің құрметті әріптесіміз, мейірімді досымыз Абдолахиан мырзаның қайтыс болғаны туралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Олар соңғы сәтке дейін өз Отанына адал қызмет еткен көрнекті тұлғалар, олар елінің мүддесін қорғап, өмірлерін Иран халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, өз елінің дамуына және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнады. Мен өз атымнан және бүкіл кеңестің атынан қайғырып көңіл айтамын», - деді Мұрат Нұртілеу отырысты аша отырып.

Одан әрі отырысқа қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, Иран Президентін еске алды.

«Өз атымнан Пәкістан мен Беларусь Сыртқы істер министрлерін біздің кеңестеріміздің жұмысына алғаш рет қатысып отырғандықтан ықыласпен қарсы аламын. Бүгінгі отырыс 3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 24 саммитіне дайындықтың негізгі және соңғы кезеңі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар