Астанада ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Қазақстанның әр облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. 1-2 шілде күндері Астана халқы үшін жәрмеңкені шығысқазақстандықтар ұйымдастырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді.
Астана халқы үшін шығысқазақстандықтан ет пен сүт, шұжық, құс еті, балық өнімдері мен қымыз, макаронның түр-түрін, панты (бұғы мүйізі) өнімдерін әкелмек. Жалы салмағы 300 тонналық тауар мен өнім керуені Шығыстан 1 шілде күні Елордаға келіп жетеді. Шығысқазақстандықтар өнімдерін базар бағасынан 10-15 процентке арзан бағаға өткізбек.
Жәрмеңкемен қатар ШҚО-ның шығармашылық ұжымдары мен әртістері қала халқы үшін концерт өткізеді.
Аян Бекенұлы