Астанада Шуберттің үздік әндері әуелейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» музыкадағы Романтизм стилінің негізін қалаушы - Франц Шуберттің туғанына 220 жыл толуын атап өтпек.

Астанада Шуберттің үздік әндері әуелейді

«Музыка және оның шығарушылары туралы» циклінен алынған «Кешкі серенада» концерті 21 маусым күні театрдың Камералық залында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ф.Шуберттің туындыларын танымал сопрано-әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, сирек кездесетін контратенор дауыс иесі Батыржан Смақов, сонымен қатар талантты аспапшы музыканттар - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), Нығметолла Кәрімов (альт), Асқар Мұқанов (виолончель), Анатолий Якушкин (контрабас), Раушан Бескемпірова, Салтанат Ақбасова (фортепиано) орындайтын болады.

Ф.Шуберттің шығармашылығында маңызды орын алған танымал туындысы - неміс ақыны Людвиг Рельштабтың өлеңіне жазылған «Аққу әні» жинағынан «Серенада» туындысы, «Ұршықтың жанындағы Гретхен» әні, графиня С. Вайсенвольфке арналған Вальтер Скоттың «Су перісі» поэмасынан Элленнің үш әні  шырқалатын болады. «Ave Maria Шуберта» үшінші әні де кеңінен танымал. Онда поэма кейіпкері Эллен Дуглас Дева Марияға ғибадат жасап, дұға қылады.

Осы кеште тыңдармандарға австриялық классиктің басқа да туындылары ұсынылады, атап айтқанда, виолончель мен фортепианоға арналған  a-moll «Арпеджионе» сонатасы орындалады.