10:30, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Астанада Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - 21 және 22 желтоқсанда елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді.

Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
21 желтоқсанда Астанада қалалық әкімдіктің алдындағы орталық алаңда арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, онда келушілер Шығыс Қазақстан өңірінің тауарлары - бал мен бұғы мүйіздерінен жасалған өнімдерді сатып ала алады. Бал мен ара шаруашылығының өнімдерін сату 37 сауда орнында ұйымдастырылады.
Алаңға ет, сүт, шұжық, нан, кондитерлік өнімдерді, өсімдік майын, жармалар, сондай-ақ, ұлттық тағамдар - қымыз, тары, құрт сататын 126 шатыр орнатылады.
Өнімдер нарықтық бағадан 20-30% арзан сатылады.