Астанада шығыс стиліндегі хан базарына 15 өңірдің өнімдері қойылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ЭКСПО халықаралық көрме орталығы аумағында «Елорда базары» жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Ежелгі шығыс стилінде ұйымдастырылған нағыз хан базары келушілер үшін 5-7 шілде аралығында ашық болады.


Жәрмеңкеде көкөністер мен дәнді-дақылдар, жемістер мен жидектер төгіліп, ет, сүт өнімдері тізіліп тұр. Сонымен қатар бал мен шай, өзге де азық-түлік өнімдері бар. Бұған қоса қазақтың қолөнер бұйымдары көздің жауын алады.


Бұдан бөлек, таза ауада отқа піскен шығыс тағамдарынан дәм татуға болады. Бұл өнімдердің барлығын 15 өңірден келген кәсіпкерлер ұсынып отыр», - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, дәл осындай шығыс стиліндегі жәрмеңке Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған еді.


Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, жәрмеңкедегі тауарлар бағасы қалада жүргізілген мониторингіге сәйкес 10-15 пайызға төмен.


Жәрмеңкеде өнерпаздар дәстүрлі ән-жырдан шашу шашып, келушілердің көңілін көтеріп жатыр. Келушілер батырларша киінген актерлермен суретке түсуге асығуда.


Соңғы жаңалықтар