Астанада Шығыстың қайта өрлеуіндегі трендтер талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет «Шығыстың қайта өрлеуіндегі заманауи трендтері» атты үшаймақтық:  Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Таяу Шығысты зерттеу тақырыбында халықаралық ғылыми  конференция өтуде, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Астанада Шығыстың қайта өрлеуіндегі трендтер талқылануда

Екі күнге созылатын халықаралық шара университетте жуырда ғана ашылған Халықаралық қатынастар факультетіндегі Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Таяу Шығысты стратегиялық зерттеу орталығында өткізілуде.
null 

Конференцияға АҚШ, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қазақстан, Өзбекстан, т.б. елдердегі аймақтардың өңірлік зерттеу саласында жұмыс істейтін 60-тан астам ғалымдар қатысып жатыр. Олардың ішінде Григорий Глиссон (АҚШ), Светлана Кожирова (Қазақстан), Шуаиб Бахман (Иран), Бақтияр Эргашев (Өзбекстан), Ирфан Шахзад (Пәкістан), Прадип Дхакал (Непал), Рамакрушна Прадхан (Үндістан), Марина Лапенко (Ресей), Зафар Халиев (Өзбекстан) және тағы басқа ғылымға еңбегі сіңген белгілі тұлғалар бар.

null 

Сондай-ақ шараның пленарлық отырысына ОБСЕ тіркеу бағдарламасының Астанадағы басшысының орынбасары Диано Дигол, Иран, Пәкістан, Палестина, Ирак, Үндістан елдерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері қатысады.
null null null


null  

Конференцияда аймақтық өзара іс-қимыл, өңірлік мемлекеттердің сыртқы саясаты, қауіпсіздігі, экономикасы мен мәдениетіндегі өзекті мәселелер талқыланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық жиын барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ирандық миниатюралар көрсетілу көзделген.
null 

null