Астанада ШЫҰ аясындағы терроризмге қарсы кеңес отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада ШЫҰ аясындағы терроризмге қарсы кеңес отырысы өтеді

«2023 жылғы 8 қыркүйекте Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-шы отырысы өтеді.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдар мен топтардың заңсыз әрекетіне бірлескен іс-қимылды үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, кеңес отырысында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері, алдағы іс-шараларға дайындық барысы қаралады.