Астанада ШЫҰ саммитінің баспасөз орталығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Астанада ШЫҰ саммитінің қарасаңында саммиттің халықаралық баспасөз орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Астанада ШЫҰ саммитінің баспасөз орталығы ашылды

Халықаралық баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыратын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ақпарат комитеті журналистердің жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасайтын болады. Баспасөз орталығы ШЫҰ саммиті өтетін Тәуелсіздік сарайында орналасқан.

Аталған орталық өз жұмысын 9 маусым күні таңғы сағат 08:00-де бастайды. Оған СІМ Халықаралық ақпарат комитеті саммит өтетін күндері БАҚ өкілдеріне қолдау көрсету мақсатындағы үйлестіру жұмыстарына 10 қызметкер мен тағы 10 еріктіні жұмылдырады.