Астанада ШЫҰ шеңберінде есірткіге қарсы халықаралық акция өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуір күні 11.00-де елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Есірткісіз әлем үшін» атты есірткіге қарсы халықаралық акция өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оның шеңберінде ЖОО студенттерінің, колледждер мен мектеп оқушыларының қатысуымен бірқатар шаралар қарастырылған. Аталған шараларға ҚР ІІМ басшылығы, ШЫҰ Бас хатшысы Р. Алимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Акция аяқталған соң Орталық коммуникациялар қызметінде кеңейтілген брифинг өткізіледі.
Атап өтерлігі, «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық есірткіге қарсы акциясын өткізу бастамасын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың маусымында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының отырысында айтқан болатын.