Астанада «Сиқырлы түн» жаңажылдық мюзиклі өтеді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ерекше» қоғамдық қоры балалар шығармашылығын қолдау мақсатында жаңажылдық жобаны жүзеге асырады. Астанада Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында 12 қаңтар күні «Сиқырлы түн» жаңажылдық мюзиклі өтеді.

Астанада «Сиқырлы түн» жаңажылдық мюзиклі өтеді

Бұл туралы қордың баспасөз хабарламасында айтылған.

Актерлер - бұл дарынды балалар, вокалистер мен бишілер. Жобаның негізгі мақсаты - балалар шығармашылығындағы «мюзикл» жанрын насихаттау және талантты балаларға қолдау білдіру. Бұл осы шығармашылық саласындағы алғашқы жоба болып табылады.