Астанада симфониялық концерт өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Конгресс-холл сахнасында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық музыка концертін өткізеді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеш қонақтарын қызықты бағдарлама күтіп тұр. Концертке Мемлекеттік академиялық филармонияның Симфониялық оркестрі, әлем мойындаған Қазақстанның атақты пианисты Хадиша Оналбаева, сонымен қатар, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті қатысады. Дирижері - АҚШ-тан келген қонақ, көптеген сыйлықтардың иегері Клэр Фокс Хиллард.
Концерт бағдарламасында Эдуард Элгардың «Интродукция мен Аллегро» шығармасы, Джордж Гершвиннің «Рапсодия в стиле блюз», Иоганнес Брамстың «Симфония №4» секілді шығармалары орындалады.
Концерт 19:00-де басталады.