Астанада Сирия бойынша келіссөзде қорытынды құжатты келісуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада 16 ақпанда өтетін Сирия бойынша келіссөзде қорытынды құжатты келісуі мүмкін, деп нақтылады  Астанадағы кездесуге байланысты Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі.

 Астанада Сирия бойынша келіссөзде қорытынды құжатты келісуі мүмкін

 «Ертең барлық делегациялардың қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, онда қорытынды құжатты келісуі мүмкін», - деді Ресей Қорғаныс министрлігінің лауазымды өкілі.

Бұдан басқа, ол бүгін делегация екіжақты форматта жұмыс кездесуін өткізетінін жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.  Оның барысында ұстанымдар нақтыланып, Сириядағы соғыс әрекеттерін тоқтату режімін қамтамасыз етудің дайындалған ұсыныстары айтылмақ.