Астанада «Іскер» сыйлығының иегерлері марапатталды

алтын сапа
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Бүгін елордада «Алтын сапа» ұлттық сыйлығын табыстау аясында «Атамекен» ҰКП арнайы сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл ретте өз тауары мен қызметтерінің сапасын жақсарту үшін ең жақсы шешімдерді тауып, соларды қолдануға тырысқан компанияларға «Іскер» сыйлығының мүсіншесі табысталды.

Атап айтқанда, осы арнайы сыйлықты Қызылорда облысындағы «Асыл дән LTD» ЖШС алды.

Бұл компания күріш дәнін өңдеу саласында пайдалы заттарды 50%-ға көбірек сақтауға, сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзімін екі есеге арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияны қолданып келеді.

алтын сапа
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

«Іскер» сыйлығының келесі номинанты — Солтүстік Қазақстан облысындағы SMBGROUP Family компаниясы.

Кәсіпорын Петропавл қаласында полипропилен ыдыстарын өндірумен айналысады.

Мұнымен қоса, «Іскер» сыйлығының иегерлері қатарында мына кәсіпорындар бар: ULY DALA ЖШС, «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамы, «Абылай — Хан» ЖШС (Атырау облысы), «ЖАККО ҚАРАҒАНДЫ» компаниясы, «City Stone» ЖШС, «Alexey Sultan Akhmet» компаниясы (Қызылорда облысы), «Ақ Ерке и К» ЖШС (Қостанай облысы), «Aurora Minerals Group» компаниясы, «Конденсат» АҚ (БҚО), «SWEET Ideas — KZ» ЖШС (Шымкент).

алтын сапа
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар