Астанада «Солистер академиясы» камералық оркестрінің концерті өтеді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 10 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында Астана қаласы мемлекеттік филармониясының "Солистер академиясы" камералық оркестрінің концерті өтеді, деп хабарлады елорда мемлекеттік филармониясының баспасөз қызметі.
None
None

Ұжымның көркемдік жетекшісі ҚР халық әртісі Айман  Мұсахаджаева. Оркестрдің бас дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева. Концерт барысында австриялық ұлы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың туындылары орындалады.

Концертте Моцарттың «Дивертисмент»,ркестрмен скрипка және альт үшін симфония-кончертанте", "Оркестрмен екі фортепианоға арналған №7 концерт" атты шығармалары орындалмақ.                             

Оркестрмен бірге ұжымның маңдайалды музыканттары Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері Асқар Дүйсенбаев (скрипка) пен Дастан Балағұмаров (альт) және итальяндық танымал пианистер Марко Скьяво мен Серджио Марчеджиани жеке орындауда өнер көрсетеді.                           

Соңғы жаңалықтар