02:43, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Астанада «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің жаңа концерт маусымы ашылады
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында Моцарттың оркестр мен скрипкаға арналған шығармаларының толық жинағымен Астана филармониясының «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі өзінің жаңа концерттік маусымын ашады.

Бұл туралы өнер ордасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұжымның көркемдік жетекшісі - ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, оркестрдің бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева.
Австриялық атақты композитордың шығармаларын көрермендерге Ресей халық әртісі, Мәскеу консерваториясының және Хельсинкидегі (Финляндия) Сибелиус атындағы академияның профессоры Александр Винницкий (скрипка) тарту етеді. Дирижері - Геннадий Рождественский сыйлығының лауреаты Илья Гайсин (Ресей).
Бағдарлама екі өнер кешіне - 12 және 14 қазандағы концерттерге ұласады.
Сондай-ақ концертке Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Березницкий (альт) қатысады.