Астанада «Солтүстік Халық маркасы» -«Қазақстанда жасалған» атты өнімдер жәрмеңкесі өтуде

Көрменің мақсаты тұтынушылардың отандық өнімге деген сенім деңгейін 70 пайызға дейін арттыру, қазақстандық тауар өндірушілердің өніміне тұтыну сұранысын ынталандыру болып табылады.
Сонымен қатар, көрме аясында Солтүстік Қазақстан облысы өнім өндірушілерінің экологиялық өнімдерін кеңінен таныстыру көзделуде. Атап айтқанда, халыққа инновациялық жолдармен өндірілген өсімдік майлары, жаңа буынның емдік қышқыл-сүтті өнімдері, дәрумендермен байытылған сүт өнімдері, бал түрлері, балықтар, сыр, кондитерлік эксклюзивтік өнімдер ұсынылып отыр.
Бұл ретте елордалықтар үшін өнім өндірушілер тауарларын ешқандай делдалсыз тікелей ұсыну мүмкіндігіне ие болып отыр.
Көрме 28-30 мамыр аралығында сағат 10:00-де Астана қаласындағы Қошқарбаев көшесіндегі «Халық маркасы» супермаркетінде, «Артем» базарында, «Биг Шанхай» базарындағы «Халық маркасы» бутигінде өтеді.