Астанада соңғы бір аптада қылмыс деңгейі 38,2 пайызға төмендеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінде қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала өмірінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кезекті кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада соңғы бір аптада қылмыс деңгейі 38,2 пайызға төмендеген

Әкім орынбасары Сергей Хорошун үлестік құрылыс нысандарының ағымдағы жай-күйі және ондағы мәселелер жөнінде айтты. Соңғы аптада ВАК отырыстарында 24 нысан қаралған,  кейбірінде ТҚК нысандарына барып кездесулер өткізілген. Бұдан басқа, «Азбука жилья» компаниясының мәселесін шешу үшін жұмыстар жүргізілуде. «Орда Инжиниринг» ЖШС басқарушы компаниясына «Гарант» ТК құжаттарының толық жинағы ұсынылған. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін «Елорда» құрылыс компаниясы» ЖШС мен уәкілетті ұйым шеңберінде шарт жасасқан. Аталмыш нысанның құрылысын аяқтау «Грант Успех» ТК мүшелерінің толық жиналысында анықталады.

Жиын барысында ІІД бастығы Марат Қожаев қаладағы қауіпсіздік және қауіпсіздік деңгейін арттыру туралы баяндады. Өткен аптада қылмыс 38,2% төмендеген. «Сергек» жүйесінің арқасында бір аптада 14 105 құқық бұзушылық тіркелген, оның 12 мыңнан астамы өнделіп, 40 млн тенгеден астам айыппұл өндірілген.

Сонымен қатар, кеңес барысында күзгі-қысқы маусымға дайындалу барысы пысықталды. Қыс мезгілі жақындағанда тұрғындар тарапынан қатты отынға сұраныс артады, ол өз кезегінде көмір бағасын арттыруы мүмкін. Ол үшін тиісті мекемелер қала тұрғындарына қыс қамына ертерек дайындық жүргізу керектігін ескерту керек.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы мәселелер талқыланды. Өткен аптада көліктік картаны пайдаланушылардың үлесі шамамен 90% артқан, бұл қолма-қол ақшамен төлеуді азайтқан. Бұл жүйе осы саланың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімі уәкілетті орган басшыларына қала тіршілігінің өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.