Астанада сорғы-сүзгіш стансасында өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада сорғы-сүзгіш станса аумағында өрт шықты, деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі. І.Жансүгіров көшесінде орналасқан станса аумағы тұтап жатқандығы туралы шақыртау 6 қыркүйекте сағат 11:58-де орын алды.
«Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ашық аумақта пластикалық құбырлар өртенген. Жалын 100 шаршы метр алаңды шарпыды. Өрт бөлімшесі ақпарат алғаннан кейін 5 минут ішінде жетті. Тілсіз жау 12:21-де ауыздықталды. Жұмыс әлі де жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Фото: Тимур Асылханов