Астанада сот қызметкерлері студенттермен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл аудандық сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері үшін «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлады бүгін Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
None
None

Онда 50-ден астам студент ҚР Жоғарғы Сотының мұражайын, сот отырысы залдарын, судьялардың жұмыс кабинеттерін аралады, сонымен бірге, дыбыс-бейнетіркеу жүйесінің мүмкіндіктерімен және ақпараттық технологиялармен танысты.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Руслан Мажитов студенттермен кездесуде сот тарихы туралы, кәсіби судьяға тән қасиеттер, сот жұмысын тиімді ұйымдастыру мен сапасы туралы айтып берді.

Кездесу соңында Руслан Мажитов студенттерді өз білімдерін шыңдауға және өз мүмкіндіктерін дамытуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар