01:46, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
Астанада сот залында адам өмірін сақтап қалған прокурор марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда прокуроры Болат Дембаев интернетті пайдаланушылардың көптеген комментарилерінен соң Алматы ауданы прокуратурасының қызметкері Нұрлан Хабдуловты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 маусым күні Алматы аудандық №2 сотында зардап шеккен Мұхтар Сұлтановтың жер телімдеріне байланысты алаяқтық әрекет бойынша өтіп жатқан сот процесі барысында жүйкесі жұқарған М.Сұлтановтың ауруы қозып кетеді. Осы сәтте прокурор Нұрлан Хабдулов қырағылық танытып, науқас жанға алғашқы көмек көрсетіп үлгереді. Хабдулов алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін әскери борышын өтеп жүрген кезде үйренген болып шықты.
Қазіргі таңда Мұхтар Сұлтанов амбулаториялық емдеуде жатыр.