Астанада сот және құқық қорғау жүйелерінің мәселелері талқыланады

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚР Заң шығару институтымен бірлесіп 2012 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту» тақырыбында

Астанада сот және құқық қорғау жүйелерінің мәселелері талқыланады

ғылыми-практикалық конференция өткізеді.                

Әділет министрлігінің мәліметінше, конференция барысында судья тәуелсіздігі қағидатының конституциялық-құқықтық негіздері мен оны қамтамасыз ету мәселелері, төрелік қызмет және аралық соттың азаматтық-құқықтық дауларды шешудегі рөлі мен орны, Қазақстандағы құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың құқықтық негіздері, сондай-ақ ЕурАзЭҚ шеңберінде қылмыстылықтың алдын алу мәселелері қаралады.

Алқалы жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында сот және құқықтық қорғау жүйелерін қарқынды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін ұлттық заңнаманы дамытудың проблемаларын талқылау болып табылады.