Астанада сотты болған жиырмаға жуық адам кәсіпкер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері бұрын сотты болған жиырмаға жуық адам табысты жұмыс істеп тұрған ТҚС, сауда орны, құрылыс бригадасы сияқты шағын кәсібін ашты. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығына «Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары» ҚҚ-ның директоры Орынбасар Құлжабаева мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, қаңтар-қазан айларында Астанада түрмеден босап шыққан 1 240 азаматқа көмек көрсетілген. Сотты болған азаматтар психологиялық, медициналық көмек алып, құқықтық қолдауға ие болған.

«Абақтыдан шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналасу соттылықты өтеудің маңызды себепшісі болып табылады. Осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу, яғни кәсіпкерлік қызметті дамытудың да маңызы өте зор», - деп атап өтті О. Құлжабаева тақырыбында қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен қор ұйымдастырған «Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарға арналған кәсіпкерліктің тұрақты дамуы» конференциясында.

 

Соңғы жаңалықтар