Астанада спортты дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Астанада футболдан Астана Мектеп лигасының үшінші маусымы аяқталды, оған қаланың 30-дан астам жалпы білім беретін мектептері қатысты. Келесі мектеп футбол маусымы тек келесі жылдың көктемінде болатынына қарамастан, ұйымдастырушылар оған белсенді дайындықты қазірден-ақ бастап кетті.
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Білім беру басқармасы және Астана футболы федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның негізгі міндеті астанада балалар футболын дамыту болып табылады. Ынтымақтастық, оның ішінде, футболдан Мектеп лигасы аясындағы ынтымақтастық та жоспарлануда. Бұл сайысқа қатысушылар жыл сайын тек чемпион лауазымы үшін ғана емес, сондай-ақ шетелдік футбол академиясының оқу-жаттығу үрдісіне қатысуға арналған жолдама үшін де күресетінін айта кетейік. Осылайша, өткен жылғы жеңімпаздар жиында болып, Испания мен Түркияда өткен халықаралық турнирлерге қатысып үлгерді.
Келесі маусымда командалар санын көбейту және астананың барлық жалпы білім беру мекемелерін футболға тарту жоспарлануда. Сонымен бірге, болашақта әр білім беру мекемесінің жанынан футбол секциялары ашылады, ол оқыту үдерісінің сапасын жақсартуға, оқушылар үшін пайдалы демалыс ұйымдастыруға және жас ұрпақты спортпен шұғылдануға әуестенуіне мүмкіндік береді.