Астанада спорттық биден Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-12 маусымда Оқушылар сарайында әлемнің тоғыз мемлекетінен және еліміздің өңірлерінен келген 500-ге жуық бишілер бас қосады. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады.  

7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.

«Бұл - біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері - тәжірибелі педагогтар - хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді», - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.

Соңғы жаңалықтар