Астанада спорттық гимнастикадан қалалық ашық чемпионат басталды

Жарысқа жас спортшылар қатысуда. Елорданың ресми сайтының жазуынша, олардың ең үлкені 14 жаста болса, ең кішісі - 5-те. Медальдар спорттық разрядтарға сәйкес беріледі.
Ересектер разрядында жеңіске алты жаттығудың жиынтығында 75 балл жинаған астаналық Дмитрий Потанин жетті. Екінші жас ерекшелігі бойынша разрядта бәрінен көп ұпай санымен (61,7) астаналық Қайрат Қалымжан алға шықты. Оның командалас жолдасы Максим Лешевич үшінші ересектер разрядында 46,65 балл жинап, үздік атанды.
Ең кішкентай қатысушылар арасында бұл жолы жеңімпаздар жасөспірімдердің үш разрядына сәйкес анықталды. Бірінші орынға өзінің таныс тіреп секіру жаттығуы арқасында 8 жасар Влад Гук (Астана) шықты. Алты жаттығудың қорытындысы бойынша оның ұпай саны - 56,05 балл болды. Екінші жасөспірімдер разрядында бірінші орынды қостанайлық Роберт Сибогатов (7 жас) иеленсе, павлодарлық гимнаст Максим Кохановский одан сәл кейін қалып қойды. Ең кішкентайлар арасында үздік нәтиже көрсеткен шымкенттік спортшы Хасан Мелехин болды.