Астанада студенттердің өнертабысын патенттеуге көмектесетін орталық ашылады

Құжатқа «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Оспанов және Назарбаев Университетінің проректоры Адесида Илесанми қол қойды.
«Біздің ұйымдардың қызметі қызметі сан алуан, бірақ мақсатымыз бір - Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту, адами капиталды көтеру. Университетпен түрлі бағыттарда, әсіресе оқыту семинарларын ұйымдастыруда бірлесе жұмыс істегіміз келеді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының сарапшыларымен семинарлар өткізіп келеміз. Бұл жиындар енді Назарбаев универсиетінде өтеді», - деді Ербол Оспанов.
Екіншіден, «Astana Business Campus» жобасын белсенді жүргізіп келе жатқанын атап өтіп, жаңа өнертабыстарды патенттеуге көмек ұсынды. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында жаңа орталықтың ашылатынын хабарлады.
«Назарбаев университетінде зияткерлік меншік туралы ішкі тәртіп бекіткенінен хабардармыз. Мұнда да өз ақыл-кеңесімізді бергіміз келеді. Сонымен бірге, институтымыздың «Технологиялар мен инновацияларға қолдау көрсету орталығы» бастамасына қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл орталықты биыл ашқымыз келеді, онда студенттер патенттік әдебиет бойынша ең маңызды ақпаратты ала алады», - деді Е. Оспанов.