Астанада «Студенттік көктем ? 2009» фестивалі жалғасуда

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Студенттік көктем – 2009» фестивалінің аясында «Қауіпсіз жол» акциясы мен жоғары және арнаулы оқу орындарының арасында «Туған жерім – тұғырым!» тақырыбында поэзиялық кеш өтті,

Астанада «Студенттік көктем ? 2009» фестивалі жалғасуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қаласы Жастар және балалар ұйымдары қауымдастығының төрағасы Евгений Рибалконың айтуынша, 10 жыл бойы дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан фестивальдың басты мақсаты - елордалық жастардың шығармашылық, зияткерлік, тәрбиелік және рухани тұрғыдағы дамуына жан-жақты ықпал ету, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру үшін мемлекеттік жастар саясатын күшейту. Фестиваль бастау алған мамырдың 11-і күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мекен-жайлық көмектер көрсетіліп, азық-түлік қалталары тапсырылды. Осы күні сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Ел болашағы» атты патриоттық әндер байқауы өтті.Мамырдың 12-сінде Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын жастар арасында насихаттау мақсатында «KZ-Party» кеші ұйымдастырылды. Жастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әндер шырқап, би биледі. Мамырдың 13-і күні жастарға қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын дәріптеу мақсатындағы «Алтыбақан» байқауы және мемлекеттік тілді дамыту проблемаларына арналған пікірсайыс турнирі өтті. Турнир соңында жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен қатысушылары құзырлы мемлекеттік органдарға, жастар арасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін атқарылуы тиіс іс-шаралар жөнінде ұсыным дайындады. Алдағы күндері «Студенттік өзін-өзі басқарудағы проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел, «Жігітттің сұлтаны», әлеуметтік мәселелерге арналған бейнероликтер байқауы, «Positive Show» ? көңілді жастар кеші өткізіледі. Фестиваль мамырдың 18-і күні Конгресс-Холл сарайында өтетін Көңілділер мен тапқырлар клубы фестивалімен аяқталады. Оның нәтижесі бойынша «Студенттік көктем ? 2009» фестивалінің ең үздік жоғары және арнаулы оқу орны анықталып, марапатталатын болады.