Астанада су добынан республикалық біріншілік басталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» СС бассейнінде 29 қарашада су добынан Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық бәсеке басталды.
Жарыс жас ерекшеліктеріне байланысты үш дәреже бойынша, 1998 ж.т. және одан кіші, 2002 ж.т. және одан кіші, 2004 ж.т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында өтеді.
Жарысқа Атырау, Қарағанды, Тараз, Астана, Челябі (Ресей) және Астана қалаларының командалары қатысуда. Тәжірибесі мықтырақ үлкен жастағылар өздерінің шеберлігін және тәжірибесін кіші командаларға көрсетеді.
Жеңімпаз 1 желтоқсанда анықталады.