Астанада су құбырларында болған апат салдарынан бірнеше үйдің тұрғындары сусыз қалды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада құбыр жүргізуде болған апат салдарынан бірнеше үйдің тұрғындары сусыз қалды,

Астанада су құбырларында болған апат салдарынан бірнеше үйдің тұрғындары сусыз қалды

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сейсенбі, 8 ақпан күні Оңтүстік-Шығыс шағынауданында №30 үйдің аумағында орналасқан Балқантау көшесіндегі су құбыры 100 мм көлемінде жарылып кетті. Апат салдарынан Балқантау, Талғар, Обаған, Жұмабаев, Қордай, Күнкент, Түлкібай, Мойынты, Бөрелі, Жанкент көшелерінің тұрғындары сусыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кешкі сағат 19.00 кезінде аяқталды.

Сонымен қатар кеше осындай апат Бөгенбай және Әуезов көшелерінің қиылысында да орын алды. Бұл жердегі құбырдың 400 мм көлемі жарылған. Әуезов көшесіндегі №29 үйдің, Бөгенбай көшесіндегі №48, 50, 18 «А» үйлердің, Бейбітшілік көшесіндегі №24,26,28,30 үйлердің, Жангелдин көшесіндегі №13,15 үйлердің (№9 балабақша) тұрғындары сусыз қалды. Үйлерге су тек кешке жақын берілді.