Астанада су құбырларының жарылуынан көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылды
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Астанада су құбырларының жарылуынан қазанның 14-і мен 15-інде Кенесары көшесінде Желтоқсан көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бағытта қозғалысқа шектеу қойылады, деп хабарлайды елордалық ЖПБ баспасөз қызметі.
Жол полициясы басқармасы Желтоқсан көшесінен Абай даңғылына дейін және Бейбітшілік көшесінен Абай даңғылына дейін айналма жолды ұсынуда.