Астанада су құбыры желілерін бақылаудың инновациялық технологиялары енгізілуде

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елордада  магистральдік желілерден судың  сыртқа ағуын анықтау жөніндегі бақылау нүктелерін   жасау ілкі жобасы қолға алынды,
None
None

деп  хабарлады «Астана Innovations» компаниясының баспасөз қызметінен  pm.kz сайтына.

«Ағымдағы жылы  қалалық су тоғанынан  сорғы сүзгі стансасына дейінгі магистральдық желілердегі судың сыртқы  ағатын жерлерін анықтау жөніндегі бақылау нүктелерін құру жобасы іске асырыла бастады», - делінген хабарламада.

Бұл жоба ресурс үнемдеу режимін сақтауға, су құбыры желілеріндегі апатты жағдайларды  азайтуға және сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін  қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Ақпаратта атап көрсетілгендей,  әр бақылау нүктесі   қысым өлшеуші аспаппен, дабыл түрлендіруші құралғымен, қорғаныс автоматикасы бар электр блогымен, қосылуға арналған толымдаушымен және ретранслятормен жарақталатын болады.

Яғни, белгілі бір учаскедегі су қысымының өзгергені туралы  мәлімет түскеннен кейін  жылжымалы   логгерлер   дыбыс деңгейіндегі өзгерісті  тіркейді. Осы шара  су ағып жатқан жерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ақпарат автоматты түрде GSM/GPRS жүйесі немесе радиоарна арқылы диспетчерлік пункттегі компьютерге беріледі.

Қазіргі таңда  осынау ілкі жоба іске асырылатын магистральдық учаске анықталып, ол жерге арнайы жабдықтар орнатылды.

Ілкі жоба  аяқталғаннан кейін су құбыры  желісі мен сорғы стансаларының жекелеген аумақтарының жағдайы туралы ақпараттар алынады, ал бұл ақпараттар өз кезегінде  ұсынылып отырған бақылау технологиясын барлық учаскеге енгізуге негіз болады.

Жобаны кең көлемде іске асыру  судың еріксіз шығынын 21 пайыздан 8 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді және   ресурс үнемдеуге, сумен жабдықтаудың экономикалық  тиімділігіне оң әсерін тигізеді деп жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар