Астанада су құбырының жарылуы салдарынан 10 тұрғын үй, бір балабақша мен Ішкі істер бөлімінің ғимараты сусыз қалды

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Астанада су құбырының жарылуы салдарынан 10 тұрғын үй, бір балабақша мен Алматы аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимараты сусыз қалды.

Астанада су құбырының жарылуы салдарынан 10 тұрғын үй, бір балабақша мен Ішкі істер бөлімінің ғимараты сусыз қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, сәуірдің 14-і күні таңертеңгі сағат 10.40-та Алматы ауданы Абылай хан көшесі 17/1 үйінің маңында тозығы жеткен су құбырының жарылуы болып, оның диаметрі 400 мм-ді құраған.

Соның салдарынан Мақтұмқұлы көшесі 3/1, Абылай хан даңғылы 17, 17 «А», 17 «Б», 19, 21, 25, 29/1, 27/1 тұрғын үйлер, сондай-ақ №69-шы балабақша мен Алматы аудандық Ішкі істер бөлімі сусыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 15 адамы мен 7 техникасы айналысуда.