Астанада су құбырының жарылуы салдарынан тағы бірнеше көшенің бойындағы үйлер сусыз қалды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада тозығы жеткен су құбырының жарылуы салдарынан тағы бірнеше көшенің бойындағы үйлер сусыз қалды.

Астанада су құбырының жарылуы салдарынан тағы бірнеше көшенің бойындағы үйлер сусыз қалды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, бүгін сәуірдің 16-сы күні түскі сағат 12 жарымда Алматы ауданы Фурманов көшесі, 6-шы үйдің маңында су құбыры жарылды. Тесілген құбырдың диаметрі 500 мм-ді құрады.

Төтенше жағдай салдарынан Фурманов пен Павлов көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер сусыз қалып, Казахская көшесіндегі үйлерде су қысымы азайды.

Жөндеу жұмыстарымен «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 12 адамы мен 4 техникасы айналысуда.

Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын осы Алматы ауданындағыАбылай хан көшесі 17/1 үйдің маңында диаметрі 400 мм болатын ескірген су құбыры жарылып, соның салдарынан Мақтұмқұлы көшесі 3/1, Абылай хан даңғылы 17, 17 «А», 17 «Б», 19, 21, 25, 29/1, 27/1 тұрғын үйлер, сондай-ақ №69-шы балабақша мен Алматы аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимараты осы уақытқа дейін сусыз қалып отыр.