Астанада су құбырының жарылуынан көпқабатты үйлердің тұрғындары бірнеше сағат сусыз отырды - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Астана қаласында су құбырының жарылуы салдарынан көпқабатты бірнеше тұрғын үй сусыз қалды,

Астанада су құбырының жарылуынан көпқабатты үйлердің тұрғындары  бірнеше сағат сусыз отырды - ТЖМ

деп хабарлады бүгін ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес кеше, ақпанның 1-і күні сағат 14.00-де Алматы ауданында су құбырының 250 миллиметр көлемінде жарылуы болған. Соның салдарынан 2-ші шағынаудандағы бес үй және Күйші Дина көшесіндегі бір үй сусыз қалды.

Бүгін ақпанның 2-сі күні сағат 06.00-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды және су жүйелері қайта іске қосылды. Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су арнасы» МКК-ның апаттық бригадасы айналысты.