Астанада «Су - өмір нәрі» республикалық фотосурет конкурсының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазгидромет» РМК ұйымдастыруымен өткен «Табиғат - тал бесік - 2014» фотосурет көрмесіне ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров келіп, кәсіби және әуесқой фотографтардың түсірген суреттерімен танысты.
None
None

«Бүгін біз Халықаралық экологтар күніне байланысты Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің экология министрлерінің келісімімен Халықаралық сенбілік өткіздік. Енді бұл шара дәстүрлі түрде жалғасып тұрады деген үміттеміз. Бүгін Қазақстан бойынша өткен сенбілікке 33 мың адам қатысып, 280 тонна қоқыс тазартылды.

Осы айтулы күннің аясында біз балалар суреттерінің конкурсын өткіздік. Онда бүлдіршіндер қоршаған ортаны қорғауға байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, табиғат-анаға деген махаббаттарын қылқалам қуатымен жеткізіп жатыр. Енді, міне, табиғат аясында түсірілген фотосуреттер конкурсында да қатысушылардың табиғатты аялай білудегі шексіз шеберліктеріне куә болып отырмыз», - деп атап өтті министр.

«Қазгидромет» РМК Бас директоры Айбек Меңдіғариннің айтуынша, биыл аталған конкурс «Су - өмір нәрі» атты тақырыппен ұйымдастырылып отыр.

«БҰҰ Бас ассамблеясы 2005-2015 жылдар аралығын «Өмірге арналған су» қарқынды әрекетінің Халықаралық онжылдығы деп жариялады. Сонымен қатар, біздің елімізде де таза ауыз су маңызды мәселелердің бірі екені белгілі», - деп атап өтті ол.

Бас директордың мәліметінше, биылғы конкурсқа 677 фотосурет келіп түскен. Олардың 80-і көрмеге таңдалып алынған. Жүлделі орындарды анықтау үшін суреттер ғаламторға салынып, интернет қолданушылардың дауыс беруі арқылы орын иелендірілген. Дауыс беру нәтижесінде 1421 дауыспен алматылық Ирина Соколдың суреті 1-орын алды. Ал 1301 дауыс жинаған теміртаулық Ерболат Шадраховтың туындысы 2-орынды иеленсе, 527 дауыспен алматылық Елизарова Галинаның фотосуреті 3-орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар