Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша байланыс қызметі іске кіріседі

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар дайындығы жоспары ауқымында елордада дайындалған диспетчерлер құрамы жасақталып, байланыс телефондары бөлінді. Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.
None
None

Аталған байланыс құралдары биылғы жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс істейді. Енді «051 қызметі» мемлекеттік мекемесінен бөлек, тұрғындар тәуліктің кез келген уақытында төтенше жағдайлардың орталық диспетчеріне 54-58-19 және 38-57-09 телефондары бойынша қоңырау шала алады. Сондай-ақ, қалалықтар: Алматы ауданы бойынша - 48-43-37, 77-99-73, Есіл ауданы бойынша- 48-43-26, 77-99-71 және Сарыарқа ауданы бойынша - 48-43-92, 77-99-74 нөмірлерінен көмек ала алады. Сонымен қатар, телефон байланыстарымен бірге тәулік бойы күзет ұйымдастырылғанын, төтенше жағдайларда хабарландыру сызбасы әзірленгенін де атап айту қажет.

Соңғы жаңалықтар